Загадки на казахском языке с ответами  срочно  

Загадки на казахском языке с ответами   срочно   
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Үйде отырады, жатпайды,  Көзін терімен қаптайды. Жазда бекер тұрса да, Бергенді қыста ақтайды. /Бүркіт/.Далаға отау тіктім қонақ үшін, Қонақ кісім ақылы шолақ үшін, Қонақ қонып жатқанда үй жығылып,  Үй үстінде қалыпты қонақ кісім.  /Бүркіт/.Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ, Іліксе дүниенің бәрін алмақ. Өзінің тілі бар да тістері жоқ, Жұтады көрінгенді алмап-жалмап. /Бүркіт/.Таудан тоқым лақтырдым. /Бүркіт/.Қара арғымақ мінгенім, Қыр айнала жүргенім, Сегіз найза сенгенім, Он екі қылыш ілгенім. /Бүркіт/.Айуан екі аяқты, асқан батыр, Басына о батырдың тіккен шатыр. Шешерсің дана болсаң бұны біліп, Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда, Бір айла адамзатта болып жатыр. /Бүркіт/.Елең, елең етті, Қарға ауылға қона кетті, Қақтың суын іше кетті. /Бүркіт/.Жер басқанның жүйрігі, Аспаннан келер бұйрығы. Бұйрығы жетіп келгенде Шошаңдайды құйрығы. /Бүркіттің қоянды алуы/.Ерте тұрады, Жар шақырады. /Қораз/.Басы тарақ,  Арты орақ. /Қораз/.Қызылдан киген киім, басқа қалпақ, Саусағы төртеу болған, емес жалпақ. Үстіне неше түрлі тон жамылып, Басады мас адамша талтақ-талтақ. /Қораз/.Дүниеде бір молда Уағында азан оқиды. Мезгілінде айқайлап, Қайтып кеп жер шұқиды. /Қораз/.Бір топ қамыс ішінде  Шақырады жанды гүл. /Қырғауыл/.Бір топ жыңғыл ішінде, Бір жапырақ қызыл гүл. /Қырғауыл/.Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап, Басына бөрік киер, құндыз ұстап. Үстіне ақ камзолын киіп алып, Жүреді екі қолын артына ұстап. /Сауысқан/.Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан, Бір күнде тағам татар әр қарадан. Басында қара жылтыр кепесі бар, Белінде белбеуі бар күлпарадан. /Сауысқан/.Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын, Адамға көрсетпейді жұмыртқасын. /Жарқанат/.Бар екен бір мақұлық шағын ғана, Мекені күндіз оның биік жарда. Ұшпайды ол мақұлық күндіз тіпті, Ұшады кешке таман күн батқанда. /Жарқанат/.Әкесі тышқан, Шешесі құстан. /Жарқанат/.Күндіз жоқ,  Түнде бар. /Жарқанат/.Жар басында жарбиған, Құлақтары қалбиған. Тышқан, құс аңдып жүреді, Бұл құсты кім табады? /Жарқанат/.Күндіз ұшпас, Түнде ұшар, Құс қанатты,  Тышқан суретті.         /Жарқанат/.Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ, Тұяғы бейне болат алмас пышақ. Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі, Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. /Үкі/.Мысық бастан, Жапалақ түстен. /Үкі/.Қайталап атымды, Көктемде ән саламын. Кез келген ұяға, Жұмыртқа табамын. /Көкек/.Даланың көріп пе едің молдаларын, Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын. Жиылып бір араға ойбайлайды, Кез келген дүниеге ол бір жарым. /Торғай/.Тал басында ағаш үй, Терезесіз тамаша үй. Соны мекен етеді, Қыста алысқа кетеді. /Қара торғай/.
Гость
озы букыр алыска тукир (мылтык)
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы