Загадкм продо машних птиц

Загадкм продо машних птиц
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Распускает хвост павлином, Ходит важным господином, По земле ногами - стук, Как зовут его - ... (Индюк) Хвост с узорами, Сапоги со шпорами, Беленькие пёрышки, Красный гребешок. Кто это на колышке? (Петушок)
Гость
Үйде отырады, жатпайды,  Көзін терімен қаптайды. Жазда бекер тұрса да, Бергенді қыста ақтайды. /Бүркіт/.Далаға отау тіктім қонақ үшін, Қонақ кісім ақылы шолақ үшін, Қонақ қонып жатқанда үй жығылып,  Үй үстінде қалыпты қонақ кісім.  /Бүркіт/.Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ, Іліксе дүниенің бәрін алмақ. Өзінің тілі бар да тістері жоқ, Жұтады көрінгенді алмап-жалмап. /Бүркіт/.Таудан тоқым лақтырдым. /Бүркіт/.Қара арғымақ мінгенім, Қыр айнала жүргенім, Сегіз найза сенгенім, Он екі қылыш ілгенім. /Бүркіт/.Айуан екі аяқты, асқан батыр, Басына о батырдың тіккен шатыр. Шешерсің дана болсаң бұны біліп, Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда, Бір айла адамзатта болып жатыр. /Бүркіт/.Елең, елең етті, Қарға ауылға қона кетті, Қақтың суын іше кетті. /Бүркіт/.Жер басқанның жүйрігі, Аспаннан келер бұйрығы. Бұйрығы жетіп келгенде Шошаңдайды құйрығы. /Бүркіттің қоянды алуы/.Ерте тұрады, Жар шақырады. /Қораз/.Басы тарақ,  Арты орақ. /Қораз/.Қызылдан киген киім, басқа қалпақ, Саусағы төртеу болған, емес жалпақ. Үстіне неше түрлі тон жамылып, Басады мас адамша талтақ-талтақ. /Қораз/.Дүниеде бір молда Уағында азан оқиды. Мезгілінде айқайлап, Қайтып кеп жер шұқиды. /Қораз/.Бір топ қамыс ішінде  Шақырады жанды гүл. /Қырғауыл/.Бір топ жыңғыл ішінде, Бір жапырақ қызыл гүл. /Қырғауыл/.Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап, Басына бөрік киер, құндыз ұстап. Үстіне ақ камзолын киіп алып, Жүреді екі қолын артына ұстап. /Сауысқан/.Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан, Бір күнде тағам татар әр қарадан. Басында қара жылтыр кепесі бар, Белінде белбеуі бар күлпарадан. /Сауысқан/.Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын, Адамға көрсетпейді жұмыртқасын. /Жарқанат/.Бар екен бір мақұлық шағын ғана, Мекені күндіз оның биік жарда. Ұшпайды ол мақұлық күндіз тіпті, Ұшады кешке таман күн батқанда. /Жарқанат/.Әкесі тышқан, Шешесі құстан. /Жарқанат/.Күндіз жоқ,  Түнде бар. /Жарқанат/.Жар басында жарбиған, Құлақтары қалбиған. Тышқан, құс аңдып жүреді, Бұл құсты кім табады? /Жарқанат/.Күндіз ұшпас, Түнде ұшар, Құс қанатты,  Тышқан суретті.         /Жарқанат/.Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ, Тұяғы бейне болат алмас пышақ. Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі, Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. /Үкі/.Мысық бастан, Жапалақ түстен. /Үкі/.Қайталап атымды, Көктемде ән саламын. Кез келген ұяға, Жұмыртқа табамын. /Көкек/.Даланың көріп пе едің молдаларын, Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын. Жиылып бір араға ойбайлайды, Кез келген дүниеге ол бір жарым. /Торғай/.Тал басында ағаш үй, Терезесіз тамаша үй. Соны мекен етеді, Қыста алысқа кетеді. /Қара торғай/.Желіп кетсе, жеткізбейді, Тап қасында жатса да адам көрмес. /Бөдене/.Меңгіл-меңгіл, меңгілше, Меңгілде бар тарғылша. Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе табылмас. /Бөдене/.Сөйлесе сөзді, Айтса ауызды, Тынысы басқа, Маңдайы қасқа. /Тоты құс/.Аққу емес, мойны ұзын, Тырна да емес, сирақты. Аулайды балық күн ұзын, Түсіреді еске жирафты. /Балықшы құс/.Тұмсығымен ояды, Ұя салып қояды. Табыңдаршы, балалар, Ол қандай құс болады? /Тоқылдақ/.Қызыл жыңғыл түбінде, Қыздай болып отырмын. Беті-қолымды жуып алып, Мұздай болып отырмын.         /Қырғауыл/.Ай астында жортқан, Күн астында жортқан, Күміс сырнай тартқан. /Қаз, қу/. Балпаң-балпаң басады,  Адамнан қатты сасады. Саусақтары салалы, Қыста жылыға қашады. /Қаз/.Екі аяғы да жоқ, Белінде таяғы да жоқ. /Жұмыртқа/.Айтайын бір жұмбақты саған нұсқап, Басына бөрік киер қара пұшпақ. Үстіне ақ камзолын киіп алып, Тұрады екі қолын артына ұстап. /Ала қарға/.Ұзын сирақ, түйе бас, Жібек жалды қара шаш. Қарап тұрсаң керуен, Жасағаны серуен. /Тырна/.Көлде жүрген көп сиыр, Жетіп барсаң, жоқ сиыр. /Үйрек/.Шелектеп құйсаңда су жұқпас. /Үйрек/.Таңертең қашқан сиыр кеште бұзаулайды. /Тауық/.Күн батса қонақтап қалғыған, Таң атса жерден жем аңдыған. /Тауық/. Ағаш басында, Тас арасында, Әр алуан қуыста Түндіксіз отау. /Ұя/.Құдай шебер ме, Құрқылтай шебер ме? /Ұя/.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы