Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Зат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Тұлғасына қарай: Негізгі з. е. және Туынды з. е.
Негізгі зат есім - бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім. Мысалы: у, ат, ант, бата, құдық.
Туынды зат есім - Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім. Мысалы: біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл.
Құрамына қарай: Дара және Күрделі.
Дара зат есім - бір ғана түбірден тұрады. от, ара, қант, оқушы, баспалдақ.
Күрделі зат есім - Кемінде 2 сөзден тұрады. кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ
*
Жалпылай немесе жекелей атауына қарай**
Жалпы есім- Біртектес заттардың жалпы атауы: кісі, өзен, тау.
Жалқы есім- Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы: Асан, Ертіс, Алатау.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы