Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Жыландар (лат. Serpentes) - бауырымен жорғалаушылар класы қабыршақтылар отрядының бір тармағы.
Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.
Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 – 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі келеді.
Жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар.
Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын:
соқырлар тұқымдасы (1 түрі),
айдаhарлар тұқымдасы (2 түрі),
сарыбас жыландартәрізділер (12 түрі),
сұржыландар (2 түрі),
бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.
Жыртқыш түрлері тышқантәрізділермен, бақалармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Көпшілік жыландар жұмыртқа (қарашұбар жыландар, гюрзалар, т.б) салады, ал кейбіреулері (сұржыландар, бозша жыландар, т.б.) тірі туып көбейеді. Жеке дара немесе топтанып (мысалы, сұржыландар) қыстайды. Топтанып қыстайтын түрлерін халық «ордалы жыландар» деп атайды. Жылан зиянды кеміргіштер, моллюскілер және жәндіктермен қоректеніп пайда да келтіреді. Кейбір түрлерінің терісі әсемдік бұйымдар, еті тамақ жасау үшін, ал уы медицинада қолданылады.
Денесі ұзыншақ, 8 см ден 10 м, (айдахар), мүйізді қалқанша және қабыршақтарымен қапталған. Омыртқа саны әртүрлі, 141 ден 435 дейін., (opmauta 200). Кеуде сүйегі жоқ, дене омыртқалары жылжымалы қабырғаларымен қосылған. Көздері бірігіп кеткен мөлдір қабықпен қапталған Сыртқы құрақ тесігімен дауылпаз жарғағы жоқ. Ұзын тілінің ұшы айр Бас сүйектері бір-бірімен жұмсақ жалғамаларымен қосылған. Соның нәтижесінде жылан ірі жануарларды аузын кең керіп жұта алады. Тістері өткір, жіңішке, артқа қарай майысқан. Улы жыландардың жоғарғы улы тістері бар. Олардың қуыс у келетін өзегі болады. Өкпесі біреу. Қуығы жоқ. Аталықтарының копулятивтік мүшесі құйрығының түбінде тері астына орналасқан. Жылына бірнеше рет түлейді.
Жыландардың 13 тұқымдасы бар: сарбас жыландар, улы жыландар, теңіз жыландары, сұр жыландар, шұңқырбастылар, соқырлар тұқымдасы, тарауыздар, айдахарлар, аномалипидилер, біліктәрізділер, қалқан құйрықтылар, сәулелілер; 3000 түр. ТМД-да, 60 түрі белгілі. Көпшілік түрі құрлықта тіршілік етеді. Орманды жерде, шөл далада, өзендермен теңіздерде көптеген түрлері бар. Жыртқыштар. Қорегін тұтасымен жұтады. Жұмыртқа салып немесе жұмыртқада тірі туатын жануарлар. Кемірушілер, ұлулар және жәндіктердің санын реттеу зор маңызы бар. Кейбір түрлерінің терісі бағалы. Уы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. 16 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы