Право
помогите с грамотным переводом текста. Тұрардың сабаққа селқос екенін аңғарған Иван Владимирович оның партасына таяп келіп, алдындағы дәптеріне үңілді. Қара тақтадағы А, а деген белгілерді балалар көшіріп жазуға тиіс болатын. Ал Тұрардың дәптерінде жеке әріптер емес, сөздер жазулы екн. Аспара, Қызыл Жебе. Көке.
Өзін жаздың ба
Иә, деді Турар орнынан тура беріп
Мұны қалай түсінуге болады. Аспара таудың аты. Ал Қызыл Жебе, Көке дегендеріне.
Қзыл Жебе деген ертен жүйрік жылқы еді, Иван Владимирович. Ауылдың балаларымен жалаң аяқ жаяу жарыста мен де жүйрік болды. Содан мені балалар Қызыл Жебе деп атап кетті. Ал Көке дегенім осы Қызыл Жебеге мініп, көкпар шапқан кісі.
Жазуың өте сұлу. Иә, бауырым, саған бірінші класта отыру, әрине, іш пыстыратын жұмыс. Амал не, бізде әзір екінші класс жоқ. Бірақ сен дандайсып кетпе. Қайталау білімнің анасы деген бар. Кәне, тақтаға шықшы.
Түрар тақтаға шыққанда, бүкіл класс тына қалды. Тақта алдында тұрған баланың трқына, тұла бойына қарағанда, басы үлкендеу сияқты. Шекелігі шығыңқы. Көзінің алақ жұлағы жоқ, өте сабырлы.
Бор ал, деді мұғалім. Жаз! Жоғарыдағы әріптерді қайталап жаз. Бала оң қолын көтеріп, А, а деген әріпті әдемілеп, мұғалімдікінен айнытпай жазып шықты.