Право
ПОМОГИТЕ ПЕРЕВЕСТИ!!!! Баяғыда аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты шақырады. Оған ормандағы барлық аңдарды жина деп бұйырыпты. Аң патшасы арыстан: -Әлемде ең қайратты ең ақылды әрі жылдам кім? - дейді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті, ақылды деп, арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. -Ит, сен неге үндемейсің ? - дейді арыстан. - Менің ойымша, ең ақылды, ең күшті- адам,- деп, жауап береді ит. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты. Адам да оны: "Адамзаттың ең адал досы - ит" деп, оны жеті қазынаның қатарына қосыпта.