Право

Перевидите текст "Қызыл бет" Қыстың аты қыс...Қаңтар айы қақап тұр.Тапжылмастан екі-үш сағат отырып,үйге берліген сабақтарын таптұйнақтай орындаған Нұрболдың далаға шыққысы келді.Таңертең жұмысқа кетерде әке-шешесі "үйде отыр,ойнға барамын деп беті-қолыңды үсітесің" деп құлағына құйған.Сексендегі әжесіне де қайта-қайта тапсырған. Нұрболдың іші пасты.Сыртта аяз болса да,шығып ойнағасы келді."Әжемі қалай көндірсем екен?" деп уайымдады. -Әже,Жанғалидың уйіне барайын деп едім... -А-а, не дейсің? -Досымның үйіне барып келейін... -От жағамын дейсің бе? Әжесінің құлағы мүкіс.Қатты айғайламасфң естімейді. -Иә,-деді Нұрбол. -Жаға аласың ба? -Иә, далаға шығамын... ойнаймын,-деді Нұрбол дауысын әйдейі бәсеңдетіп. -Өзің біл... Нұрбол жылы киініп, шанасын сүйретіп,үйлеріне тақау тұстағы төбеге жетті.Өзімен тетелес үш-төрт бала жарыса сырғанақ тепті. Қас қарая үйге жеткен Нұрболды есік аузында анасы қарсы алды. -Қайда жүрсің,жүгірмек!Пеш жағамын деп әжеңді алдап...Шыныңды айтпайсың ба? Анасы жалма-жан бетін ұстап көріп еді,терісі үлбіреп тұр.Үстіп алыпты.Шешесі суық сумен жуып, қаздың майын щылқыта жақты.