12билет 1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер. Балам, білім ізде! Өміріңді мәнді етер, абырой-атағыңды өсірер дәулетті, сәулетті өмірге апрар жол – білім жолы. Әліде де болса, терең ойлан, білімнің керегін ала біл. Сауатты,...
12билет
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер.
Балам, білім ізде!
Өміріңді мәнді етер, абырой-атағыңды өсірер дәулетті, сәулетті өмірге апрар жол – білім жолы. Әліде де болса, терең ойлан, білімнің керегін ала біл. Сауатты, білімді адамдар қай заманда да абыройлы болған. Білімсіз адам жасық, қорқақ келеді. Ал білімді адамның жүзі жарқын, дауысы анық болады. Себебі, ол білгенін ел білсе екен деп, анық, дәлелді сөйлеп үйренеді. Білімсіз өзі түсінбей тұрған нәрсесін елдер де түсінбесін деп, көмескі дауыспен, сыбырлап, міңгірлеп айтады.
Балам, адамның білгенін адам біледі, тек ерінбей іздену керек, еңбектену керек. Бар болғаны – сол. Уақытыңды бағалай біл, жастық қуатың барда өзіңді аяма, еңбек ет, денсаулығыңды шынықтыр, бос жүріс пен пайдасы жоқ компьютердегі ойындарға алтын уақытыңды жіберме.
Қоғам қашан да сапалы мамандарға зәру борлады. Адам білімді өз бетінше іздеп табады.
(Г.Сайынқызы)
3. Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
20-билет
1. Мәтінді оқып, сұрақтар қой.
Мамандық таңдау
Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Сөзбен өрнек салатын жазушы болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол балалық шақтан басталады.
Осы жолда отбасының, ұстаздың, мектептің, қоршаған ортаның алар орны ерекше. Жастарға болашақта мектептен алған сапалы білім ауадай қажет болатыны анық. Сондықтан да ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу жастардың басты міндеті болмақ.
3. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
23-билет
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер.
Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі
Отбасы - әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»- дейді қазақ халқы. Отбасында ұлға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді. Қызға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады.
Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Мына кісінің есімі – Қуанышбек. Оның отбасы үлкен. Оның әкесі, шешесі бар. Қуанышбектің әйелінің аты – Забира. Олардың бір ұлы және екі қызы бар. Қуанышбек пен Забира үш баласына қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. Ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. Жақсы дәстүр – отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі.
2. Жалғау түрлері (ереже, мысал келтіру).
3. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
25-билет
1. Мәтінді оқып, мазмұнын аударып бер.
Ақпарат құралдары
Ақпарат құралдары - мемлекет тәуелсіздігінің саяси-экономикалық және ғылыми-технологиялық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі. Ақпарат құралдары кең мағынасында: бұған жұртшылыққа хабар таратын құралдардың бәрі – газет, журнал, телевизия және радио, ғылыми хабаршылар, бюллетеньдер, пресс-релиздер, ғылыми жинақтар, жарнамалық мәтіндер, таблоидтер жатады. Қалыптасқан мағынасында мерзімді баспасөз телевизия мен радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байланыс жүйелері енеді. Баспасөз, телевизия және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілікке ұсынылатын материалдарын түсіндіреді. Бұл материалдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тыңдарманның эстетикалық сұранысын өтейді. Ақпарат «информация» - латын сөзі, түсіндіру, баяндау дегенді білдіреді.
2. Үндестік заңы (ереже, мысал келтіру).
3. Азамат, қайраткер сөздерін жікте.
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Первое ты должен пересказать,
2.Дегеніміз заттын кимылын білдіреді(Қыйын, Сол)
Азамат
Азаматтың
Азатқа
Азаматты
Азаматтан
Азаматпен
Не нашли ответ?
Похожие вопросы