Адалдық-ардың ісі дегенге шыгарма жазып бересиздерме 2 бет болса жаксы болад олимпиалага катысайын деп жаткан едим соган шыгарма жазып бересиздерме
Адалдық-ардың ісі дегенге шыгарма жазып бересиздерме 2 бет болса жаксы болад олимпиалага катысайын деп жаткан едим соган шыгарма жазып бересиздерме
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Адалдық – ардың ісі дейтін болсақ, ауылдың қара жолында шаңғытып ойнап өскен бала қанша елді аралап, қанша жердің дәмін татса да, туған топырағының бақалы көлі мен балдырғанды жеріне адалдығын еш өзгертпек емес. Негізі, адам баласы өзі жаратылған топырақпен тамырлас. Қаншама академик-профессорлардан алған сан-салалы білімнің шетін ұстап жүрсең де, туған жеріңнің аты аталса, құлағыңды тосып елеңдей қаласың. Тіпті «Әр бақа өз көлшігін мақтайды» дегендей, дәл сенің ауылың, дәл сенің ауылыңның адамдары басқаларға ұқсамайтынын айтып, көңілің алабұртып, көзің ойнап шыға келесің. Бұл – туған жердің, балалық бақыттың құдіреті. Кейіннен ел тізгінін ұстап, мақтаулы маман, атпал азамат болған жандардың өз ауылын ұмытпай, тіршілігіне араласып отырғанын көргенде, осы құдіреттің жүрек түкпірінен өшпегеніне куә боласың. Өзім білетін сондай бір азаматтың өмір жолы туралы жазылған Қайнар Олжайдың «Қара нары қазақтың – Ұзақбай Қараманов» атты кітабын оқи отырып, осындай толғанысты басымнан кешірдім.
Қазағымның қайтпас қара нарысың,
Туған елдің абыройы, арысың.
Тайталаста тайдырмаған
намысын,
Ұрпағыңа қасиетің дарысын, – деген ақын жолдарымен басталған бұл кітап басынан аяғына дейін қазақтың қара нары, елінің сыйлы да ұлағатты азаматы, қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың өмір жолы мен қызметіне арналыпты.
Ұзекеңмен мен біраздан таныспын, өзін көрмей тұрып, бірінші атына қанықтым. Құрылыс инженері мамандығы қазақ жерінде тек 60-жылдардың басында ғана қалыптаса бастады, дәлірек айтсақ, осы мамандық бойынша алғашқы түлектер 1962 жылы еліміздің құрылыс индустриясын дамытуға қанат қаққан еді. Сол алғашқы түлектердің бірі болғаным – мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақ даласында сәулет өнері кенже қалған дүние емес: қалалар, астаналарды айтпағанда, жаз-жайлаудан кейін қыстың қатал ызғарында ық, пана болатын қыстақтар салынғаны бұрыннан-ақ белгілі, бірақ халықтың басым көпшілігі үшін құрылыс ісі атакәсіп болып қалыптаспаған. Сондықтан да болар, сол 60-жылдардың басында құрылысшы жұмысшылардың арасында қазақтар некен-саяқ кездесетін, қыз-келіншектер тіпті болмайтын да. Қазіргі Никольский шіркеуінің қасындағы базардың маңында университет жатақханасын салып жатқан бригадаға бір қазақ қызының жұмысқа келуі үлкен оқиға болған.Бұл жайттың тосын әрі қызық болып көрінгені соншалық, Алматы қаласы бойынша құрылыс-монтаж басқармаларында (СМУ-17) қызмет атқаратын 3-4 қаралы қазақ жігіті сол қызды көруге барғанбыз. Ол кезде құрылысшы қыз-келіншектердің бәрі орыстар болатын, солардың ішінен кәдімгі жұмысшының комбинезонын киіп, қолына сылақшының құралын ұстаған қазағымыздың қараторысы көзге оттай басылған еді.Ол уақыттарда қыз баланың құрылыс ісінде қара жұмыс істегені, әрине, қазақ тәрбиесіне жат нәрсе еді.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы