Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Жан Ана Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Біздің еркелігімізді көтеретін бұл жалғанда «Жан Анадан» басқа жан бар ма? Жоқ!!! Сәби кезден осы кезге дейін, тіптен 30-40 – қа келгендерінше еркелеп жүргендер де бар емес пе?... Жалған дүниенің есігін ашқаннан бастап, осы күнге дейін бағып-қағып, мәпелеп өсіріп, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген, біздің әрбір еркелігімізді көтерген «жан аяулы жан анамызға», «Ана, рахмет!» деп айттық па? Әй, қайдам?! Бірақ айтқандар да бар шығар, кім білсін?! «Ана, сізге мың да бір рахмет!», деп айту, кей адамдар үшін күнделікті «Ана, шай дайын ба, шай ішейікші?» деген сынды жаттанды сөздерге айналып кеткен. Оларға бұл сөзді айтып, анасының бетінен сүю түкке тұрмайды. Күнделікті жаттанды әдет. Ал кейбіреулер үшін бұл сөзді айту қиынның қиыны. Олай айтпақ түгілі, туған күнінде, мерекеде аналарын құттықтау қиынға түсетін жандар да бар. Бес саусақ бірдей емес. «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың», деген сөз бар емес пе? Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге ниет қылып, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін істеген жақсылығын, қарызын өтей алмаймыз. 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай, отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады?... Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3-4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып, мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы....», - деген Анаға, «Ой, Ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананың жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Ал сол кезде, біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана, қойшы...», деп сілкіп айтылған сөзден, Ананың жұдырықтай «балам» деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір-ақ күнде солып қалуы ықтимал ғой... Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар. «Ата-ана қадірін, балалы болғанда білерсің» дейді. Сонда қалай, біз үйленіп, жанұя құрып, балалы болғанша ана деген жанның қандай екенін білмейміз бе? Біз үйленіп, жанұя құрып, балалы болғанша, бәріміздің де аналарымыз қасымызда жүрмейді ғой.. Тағдырдың қыңыр-қисық жазуында не жазылғанын кім біледі?... Киім бүтін, қарын тоқ, Бүгін бармыз, ертең жоқ, - дегендей, бір секундтан соң не боларын, кім біледі?... Ананың махаббатқа толы жұдырықтай нәзік жүрегін сындырып аламыз, жыртып аламыз, солдырып аламыз, күйдіріп аламыз, ақырында, жоғалтып аламыз деп қорықпайсыздар ма? Санасы біршама толыққан жандар емеспіз бе? Бүгінгі істі ертеңге қалдырамыз деп, кеш қалып қоймаймыз ба? Ойлану керек! Қазір не көп, телефон көп. Құрметті студенттер, лекция жазып отырғанда, автобуста кетіп бара жатқанда, семинарға дайындалып отырғанда, сол телефондағы «мама» деген номерді теріп, «Мама, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай жақсы көремін!», деп неге айтпасқа. Бәлкім анаң сол сөзге мұқтаж болып жүрген шығар, бәлкім, сол сенің анаңның дауысын соңғы рет естуің шығар, кім біледі?... Дәл сол сөзді айта алмай, арманда қалған адамдар да бар, «Әттең», деп сан соғып қалғандар да жеткілікті шығар... «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, анасы бар жандар бар алтынды, байлықты қадірлемей, айрылып қалғанда ғана қадірін біледі. Өмірімізде өрт шыққанда, су болатын - АНА, басымыздан күн өткенде, көлеңке болатын - АНА, қараңғы түнде жарық беріп, ай болатын - АНА, ашу атты асау тайға мінгенде, сабыр болатын - АНА. Біздегі бар байлық, бар асылымыз, бар сәніміз, мәніміз аяулы да ардақты «ЖАН АНА». Ананың жанында өткізген әрбір секундты күндей, минуттарды айдай, сағаттарды жылдай көріп, анамыз бар болғанына Аллаһқа шүкіршілік айтып, Ана атты Адам баласын құрметтеп өтейік. Бұл біздің парызымыз деп білейік! «Мама, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай жақсы көремін!»,- деп, айтқым-ақ келеді...бірақ...кеш қалдым
Не нашли ответ?
Похожие вопросы