Арыстан мен тулки мазмундама

Арыстан мен тулки мазмундама
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да: - Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да: - Халіңіз қалай, тақсыр? – деп көңілін сұрайды. - Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? – дейді арыстан. Түлкі: - Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы