Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін

Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады. Мен алдағы жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды. Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, дауысы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр. Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таңқалдырды. Мен итімді алып кеттім. 5-сұрақ. Мәтінге ат қойыңыз. А. Аңшы мен балапан В. Аңшы мен ит С. Торғайдың балапаны Д. Ана махаббаты [1] 6-сұрақ. Торғай балапандарын қалай қорғады? А. Итке қарсы шықты B. Ұясына тастап кетті С. Итті қуып кетті D. Көмекке шақырды [1] 7-сұрақ. «Құрбан ету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? А. Өмірін беру B. Қатты қорқу С. Құсты көру D. Ұшып кету [2] 8-сұрақ. Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды табыңыз. А. Анаңа ауыр сөз айтпа B Ананың сүті—бал С. Ана қиындықты жеңеді D. Ана жақсылығын ауырғанда білерсің
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
5.д. Ана махаббаты. 6.а.Итке қарсы шықты. 7.а.Омірін беру 8.с.Ана қиындықты жеңеді
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы