Барлас акын туралы малимет керек

Барлас акын туралы малимет керек
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі – Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, тығылып, үндемей отыратын өзге үлкендердей емес, Барлас іле сөйлеп кететін ақ жарқын, ашық. Осы үйге ылғи да келіп жүрген ауыл адамы сияқты. Үй іші тегіс қош алған соң, екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта, Абай: – Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен?–деп, бағанадан бері өзін сүйсіндірген ақынның атын білмек еді. Әріден келе жатқан деседі-ау, балам, бұның түбін. Ертеңіне жүруге ыңғайланған екі ақынды Абайдың тілегі бойынша Ұлжан жібермеді. Асықпай, әлі біраз күн қонақ болып, жатып кетіңдер,– деді. Абай күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Осы жолы Абай әрі өзі, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермей ұстап еді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Үйрене келе, түнде Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Бала Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйсінген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап:  – Шырағым, ер жетерсің, Ер жетсең, сірә, не етерсің. Алысқа шырқап кетерсің, Шындасаң, шыңға жетерсің,– деп еді. Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын-қасиетті сол кезде-ақ байқаған болатын.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы