Байконыр батыр аймагы матин курау

Байконыр батыр аймагы матин курау
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Оның негізі 1955 жылы қаланған. "Байқоңыр" ғарыш айлағын салу үшін бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қолайлы қону факторлары ескерілді. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы Байқоңырдан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері ұшырылды. "Байқоңыр" ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, Ресей Федерациясына жалға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары бар: Қазақстан жеріне жылына 30 - 35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы