Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Әлия Молдағұлова1924-1944 ж
Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген.Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді. Оның майданнан жазған хаттарынан мәлім: ата – анасы, ағайын – туғандары ұжымдастыру науқанының алғашқы кезеңінде аштан өлді. Кішкентай Әлия Ленинградқа барып,соғысқа дейін сонда тұрды. 9-сыныпта оқыды.Бірге оқыған сыныптастарының естелігіне қарағанда, өзіне өте сенімді һәм төңірегіндегілерге талапшыл жас болған. Оны мақсаткерлік пен адалдық және адамгершіл сергектік қасиеттербасқалардан айрықша ерекшелендірілген. Алыс ауылдан келе салып, бәрімен де тез тіл тауып кетті, зерделі зейінімен, білімпаз біліктілігімен түгел баурап алды.1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді.Бірақ біраз уақытқа дейін командование алғы шептегі атыс – шабыс алаңында білім – білігін іс жүзінде көрсетуге рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазды. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататыАшық шайқасқа ол 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26 – атқыштар дивизиясы құрамына ірі – ірі айқастарға қатысып, құралайды көзінен атқан нағыз мергенлігімен дараланды. 1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыр шайқаста Әлия қаһармандықпен қаза тапты. Көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бүгінде Ә. Молдағұлова есімінде республикамызда көшелер, мектептер бар. Оның өшпес ерлігін өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен роман – хикаятар да көп. Өткен жылы Алматыда Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке көрнекті жерге ескерткіш орнатылды
Не нашли ответ?
Похожие вопросы