Біз жігерліміз туралы шығарма жазып беріңдерші

Біз жігерліміз туралы шығарма жазып беріңдерші
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Сан ғасырлар бойы небір қасіретті бастан кешсе де, ақын Ж.Молдағалиев жыр­ла­ғандай, мың өліп, мың тірілсе де мойымаған қазақ халқы ұрпағының бас бос­тан­дығы, тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Осы жолда ұлты­мыздың аяулы тұл­ғалары, қайт­пас қайсар ба­тырлары жанын қиды. Әри­не, олар бұл күнге жете алмаса да, өздерінің күрес­кер­лік рухын, асқақ арманын бо­лашақ ұр­пақ жүрегіне жал­ғап, алғы күн­ге үміт арт­ты. Міне, сол ата-бабала­ры­мыздың ғасыр­лар бойы көк­се­ген арманына, аяу­лы мұ­ратына ХХ ға­сырдың соңы­на қарай қолымыз жетті десек, сол ақ түйенің қарны жарылған ақжарылқап арман­ның жүзеге асқанына да бүгінде 20 жыл толып отыр. 20 жыл – тарих үшін қас-қағымдай ғана уақыт болғанымен, тәуел­сіз Қазақ елі үшін ғасырдың жүгін ар­қалаған кезең болды. Иә, небәрі 20 жыл ішінде қазақ халқы бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген жетістіктерге жетті. Әрине, оның бәрі бізге оп-оңай келе салған жоқ. Та­рих­тың таңғажайып сыйы – Тәуелсіздікті баянды етуді бас­ты мақсат санаған қазақ­стан­дық­тардың еңбегінің, маңдай терінің арқасында ерен қиын­дық еңсерілді. «Балапанды күзде санайды» дейді орыс ма­қалы. Міне, бүгінде біз де толайым табыстарымызды са­ралайтын, алдағы бағын­дырар биігімізді межелейтін кезеңге келіп отырмыз. Иә, ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейлі мерекесі, сөз жоқ, бүкілхалықтық ұлы мереке, ұлы той. Және солай болуы заңды да. Әйтсе де біздің қазақ осы бір айтулы шақта тек той тойлап жүретін болса, ұтылатынын жақсы біледі. Содан да әрқайсымызға ал­дағы арман-аңсарды да ойлап жүруді ұмытпауды ұғын­ды­рады.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы