Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсінің үстіңгі бөлігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) болып келеді. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы