Доброго времени суток,помогите пожалуйста напишите маленький реферат на казахск?
Доброго времени суток,помогите пожалуйста напишите маленький реферат на казахск??м языке(примерно 10 предложений)про Илью Ильина (Илья Ильин если я не ошибаюсь занимается легкой атлетикой)при выполнении задания не использовать переводчик,заранее спасибо
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Көпшілік қауым қолы қалт еткен кезді, яғни бос уақытын қалай өткізуді білмей жатады. Кейде әр нәрсені сылтау етіп, кейін «менің мүлдем бос уақытым болмайды» деп өкпе артады. Психолог-ғалымдардың айтуы бойынша, адам бос уақытын өзі қадағалап, оны қалай өткізу керектігін өзі шешуі қажет. «Немен айналысуға болады?!» деген сұраққа психолог-мамандар: «Жаныңызға жай сыйлайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз» деп жауап айтып, кеңес береді. Ал сол ермек істі қалай табуға болады?
Ермек істердің әр түрлі болып келеді. Олардың барлығы тек уақытты тиімді өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай ермек іспен айналысса болады?!
Қолөнер
Күйзеліс пен көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады. Қолымнан келмейді десеңіз, танымдық кітап-журналдарды ақтарып, үйреніп алуға ұмтылыңыз.
Гүл өсіру
Көп жандар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Әрине, жер үйде тұратын болсаңыз, бақшаға гүл еккенге, оны жайқалтып өсіргенге не жетсін?! Ал көп қабатты үйде гүлдерді аса еге алмайсыз. Алайда, балконда шағын бау-бақша жасап алуға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерінің дәнін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.Үй жануарларын асыраңыз
Аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. қалаған үй жануарларын асыраңыз. Үй жануарыңызға күтім көрсетіп, бос уақытыңызды оны асыраумен өткізіңіз.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы