Эссе" Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік ерекшеліктері" (Шәкәрім Құдайбердіұлының) ішінде -жоспар Анализ тизис пікір дәйектр т,б болуы тиіс екен

Эссе" Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік ерекшеліктері" (Шәкәрім Құдайбердіұлының) ішінде -жоспар Анализ тизис пікір дәйектр т,б болуы тиіс екен
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні. Қазақ халқы ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне ерекше қарап, оның өзiндiк ерекшелiгiн ескере тәрбиелеген. Осыған орай ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне жеке-жеке тоқталуға тура келдi.  Ата көрген оқ жонар. Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар  сiңiрген.  Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып  азамат болғанға  дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретiп баққан. Мысалы, малды ерте өргiзу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейiн жусатпауды тапсырған. Буаз малды ауылға жақын жаю, туа қалса төлiн алып жылы қораға тез жеткiзу, қойдың қозысын ауыздандыру (енесiн дүрыс емуге үйрету), жаңа туған жас төлдi аяқтандыру, т.б. әдiс-тәсiлдердi баланың жасынан бiлуiн қадалаған. Ат суыту, аттың ыстығын шығару үшiн аяғының күре тамырынан қан алу, еркек малды пiшу, қойды қырқу, тоғыту, мал сою, түйе қомдау, түйеге жүк арту, ер-тұрман әзiрлеу, қайыс илеу, сiреден таспа тiлiп, айыл, қамшы, жүген, шiдер өру, қой қосақтау, түйе матау, кесек құйып, қора салу, құрық салып, асау ұстау, оны үйрету, қазақы үйдi жығу, оны тiгу — мiне осының бәрi ер баланы жастайынан еңбекке тәрбиелеудiң өзегi болған.  Ежелден мал бағып, айға қарап жұлдыз санап күн кешкен қазақ халқы өз ұрпағын өсiмдiктiң түр-түсiн ажырата бiлуге, қараңғы түнде жүлдызды аспанға қарап бағыт-бағдар белгiлеп, қоныссуды дәл табуға үйреткен. Қонақ күту, үлкенге иiлiп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй шерткiзу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу,  жамбы ату,  аударыспақ,  сайыс,  көкпар,  күрес сияқты  ұлт   ойындарын  үйрету   тәрбиенiң  басты шарты болып есептелген. Қазақта қонақ күтудiң де жазылмаған, бiрақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесi қонақты сыйлап, ас-суға тойдырғаннан кейiн, жатар алдында өзi ауылдың алты ауыз өлеңiн айтып немесе күй шертiп қонағына құрмет көрсетедi де, қонақтан “қонақ кәде” сұрайды. Қонақ өлең, жыр, қисса, ертек, терме, толғау айтып берiп немесе күй шертiп өз өнерiмен үй иелерiне құрмет көрсетуге мiндеттi болған. Үнемi үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегi, аңыз әңгiме естiп өскен балаға да жастайынан сөз өнерiне бейiм, өнегелi, өнерлi болып өсуiне әсер еткен, “қонақ кәде” мен “ауылдың алты ауызы” жастарды сөз қадiрiн бiлуге, шешендiкке, ән мен жырға баулып өсiруде белгiлi рөл атқарған. Баланы жастайынан сөз өнерiне баулу, мақалдап, тұспалдап ойды көркем сөзбен тыңдаушыға жүйелеп жеткiзе бiлуге үйретудi ата-бабамыз мақсат тұтқан. “Бiлiмдiден шыққан сөз, талаптыға болсын кез” деп текке айтпаған. Сөзiңдi айт ұққанға, Айтып айтпай не керек — Құлағына мақта тыққанға,— деген мақал осы ойды меңзейдi. Сондай-ақ қонақтың “ат тергеу” салты да болған. Ол үйге келген үлкенге 5-6 жасар баладан бастап отбасы мүшелерiнiң бәрi сәлем беруден басталады. Қонақ баладан  жетi атасын таратып берудi талап етедi. Бала өзiнен бастап жетi атасына дейiнгiлердiң аттарын атап шығып, қай рудан екенiн бiлдiредi. Қонақ “жақсы, өнегелi азамат бол!” деп батасын бередi. Ат тергеу далада кездесе қалғанда жолаушылардың бiр-бiрiне сәлемдес-кеннен кейiн де iске асыратын әдетi. Мәселен, жасы үлкен адамға жасы кiшi жолаушы бұрылып келiп амандасқаннан кейiн, қарияның “қарағым, қай рудансың, қай ауылдың азаматысың?” деп сұрақ қоюы заңды болған. Осы кезде жасы кiшi азамат өзiнiң ата-тегiн айтып таныстырады. Оны бiлмеген ұят саналған. Ондайларды “жетi атасын бiлмейтiн — жетесiз!” деп сөгетiн болған. Аталары балалары мен немерелерiне ертегi, аңыз-әңгiме, мақал-мәтелдер айтып берiп, шешендiкке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылар-дың немесе Төлеби, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеушi шешендердiң жастайынан елдiң салт-дәстүрлерi мен заңдары. .  
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы