Казак тили тапкыр коян

Казак тили тапкыр коян
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:           — Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.           Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.           Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:           — Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.           — Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып.           Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:           — Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады.           Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады.           Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:           — Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы