Краткий пересказ на тему Жыл мезгилдери

Краткий пересказ на тему Жыл мезгилдери
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Күз– жылдың 4 мезгілінің бірі.  Әдетте, қыркүйек, қазан, қараша Күз айлары болып есептеледі. Күзде күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді.  Қыс — жыл мезгілі, әр аумақтағы ауа температурасы ең төмен болатын климаттық маусым. Астрономиялық ұғым бойынша, қыс — қысқы күн тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі уақыт аралығы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Күнтізбелік, яғни астрономиялық көктем күн мен түннің теңесуінен басталады Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады,
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы