Куз береке куз байлык шыгарма жазу керек еди ертенге керек болып тур

Куз береке куз байлык шыгарма жазу керек еди ертенге керек болып тур
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Сарыла күткен сары күз де келіп жетті. Жетті дегенім бергі жағы, күз көңілі қыз көңіліндей құбылмалы емес пе?! Таң намазынан кейін күн шапағы құдды бір ақшамға дейін нұр шашып тұратындай көрінеді. Бірақ, артынан сұрғылт бұлттар күн көзін бірде қымтап, бірде жайына қоя салады. Кешке дейін мың құбылып, кейде аспан тесіліп қалғандай шелектеп нөсер құяды дейсің. Түс ауып нөсерлетіп тұрған осындай кеште, төрт қабатты үйдің үшінші қабатында терезеге телміріп мен тұрмын. Кенет аулада көктің көз жасына рахаттана шомылған бойжеткен мен бозбаланы көзім шалды. Екеуі де төгіп тұрған нөсерге назданар емес, керісінше көңілдері көңшіп, әлгі бойжеткен бозбаланың белінен қысады. Дәл сондай жауапты жігіттен күткен қыз басын жігіттің құшағымен тұмшалауда. Жігіттің қалағаны да осы болар. Қызды бар құшағына сыйдырып, малмандай су болған шаштарын алақанымен тарағандай басынан қайта-қайта сипайды. Бір құшаққа сыйысып, бір-бірінен демеу тапқан мына екі жас неткен.... Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.                                                                                   Сары түсті сағыныштан Күз моншақ, Тағып алып тағы келді бізді аңсап. ...Көздеріңді тұрды менен жасырып, Кірпіктерің қызғаншақ. Сұр қалаға сыр айтады сыңсып Күз, Ал, екеуміз күзде ашылған бүршікпіз. Кірпіктерің күні-түні күзеткен, Көзіңдегі сезім бе еді кіршіксіз?! Сезім екен сақтағаны сол көздің, Киялға еріп бір әлемді мен кездім. Күннің әлсіз сәулесіне жылынып, Көз ішінде керіледі кербез – мұң. Жасыл бақтың жапырағын ұрлап Күз, Жатыр әне. Сірә біздер тым жатпыз? Көше бойлап келе жаттық сырласып, Үнсіздіктің үн таспасын тыңдап біз. Еміс-еміс қос жүректің дүрсілі, Естіледі, бұл – махаббат тылсымы. Өзің жайлы ойларымды ұрлайды, Күзгі жаңбыр. Тамшылардың тырсылы.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы