Люди прошу умоляю помогите очень срочно нужно напишите пожалуйста эссе на тему жеті қазына дам 42 балла

Люди прошу умоляю помогите очень срочно нужно напишите пожалуйста эссе на тему жеті қазына дам 42 балла
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат; қыран бүркіт; құмай тазы; берен мылтық; қанды ауыз қақпан; майланғыш ау; өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаҝарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады: 1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды; 2) денсаулық, яғни дененің саулығы; 3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген; 4) бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы; 5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды; 6) жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”; 7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы