Мақал-мәтел қырық саны туралы надо срочно

Мақал-мәтел қырық саны туралы надо срочно
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
1)Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама. 2)Жақсы кісі қырық жасында толады,Жаман кісі қырық жасында солады. 3)Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық. 4)Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі. 5)Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе қара күңнен тыйым, 6)Қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды. 7)Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. 8)Арыстанда бір кісінің күші бар, Қырық кісінің жүрегі бар. Жолбарыста бір кісінің жүрегі бар, Қырық кісінің күші бар.  9)Бір кісі таққа отырса - қырық кісі атқа қонар. 10)Бір есек қырық түйені жетелеп, жолдан шығарып әкетеді.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы