Мамыр айы туралы шығарма

Мамыр айы туралы шығарма
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Күнтізбедегі осынау ай аты, яғни мамыр тоқшылық, семіру ұғымын білдіреді. Біз барлық малдың баласын төл деп атасақ, барлық құстардың балапандарының атауы – ма-мыр. «Ай аты осы сөзден шыққан» деген де пікірлер бар. Мұны ғалым, профессор С.Аманжолов та қостап, жаз-ған-ды. Мамырдағы ауа райы Күн жылиды, жер бусанады, өсімдіктер құлпырады, мал төлдейді. Құстар ұя салып, балапанын өрбітеді. Мамырда солтүстік аймақтарда көктемгі егіс -дала жұмыстары қызады. Мал өріске шығып, қой қырқу, жылқы күзеу, түйе жүндеу басталып, бие байланады, қымызмұрындық дәстүрі той-ланады. Қызыр қамшысы. Сәуірдің ортасынан аса найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. Сол кезді осылай деп атайды. Тобылғы жарған. Сәуірдің соңында 2-3 күнге созылған суық жел соғады, бұл тобылғының бүр жарғанының белгісі. Қызыл жұмыртқа. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала құстарының балапанын жұмыртқадан шығаруы осылай деп аталады. Сонда 1-2 күнге созылатын суық болады. Құралайдың салқыны. Бұл кезде, яғни, мамырдың соңында болатын суық желде киіктер балаларын (құралай-ын) өргізеді. Мамырда туғандар Өнер қайраткері С. Қожамқұлов (5.05.1896), әнші К. Байсейітова (2.05.1912).
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы