Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Кітап қай кезде де адам баласының айнымас досы, мызғымас тірегі, таусылмас ақылшысы. Мен үнемі «Кітап — өмір азығы» деген мақалды есімнен шығармай, өз ұранымдай жадыма тоқып жүремін. Достарыма да мұны айтудан жалыққан емеспін. Қолым қалт етсе кітап оқып, сол кітап кейіпкерлерімен мұңдасып, сырласып, өзгеше бір әлемде жүргендей ерекше бір күйге түсем.Мен үшін барлық кітап қызықты, әрбір кейіпкер ұнамды. Бірақ солардың ішінде өзім ерекше қадір тұтатын, қастерлеп, үлгі ететін бір кейіпкерім бар. Құпия емес, сондықтан сіздермен бөлісе отырайын. Ол — Тайлан батыр. Кәдімгі еліміздің қайсар ұлдарының, қарымды жазушыларының бірі Әбіш Кекілбаев қаламынан туған «Үркер» романындағы қазақтың дара хандарының бірі Әбілқайыр ханның досы.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы