"Менің ауылым"-шығарма

"Менің ауылым"-шығарма
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Туған ауылым Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет! Мен ауылым туралы айтып жырлығым да, әндеткім де келеді. Мен - Қуанышбек Құндыз, 2 - класс оқушысымын. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда көптеген ғимараттар, мәдениет үйі, мешіт, мұражай, балабақшалар, супермаркеттер, теміржол вокзалы, тіптен саябақта бар. Қалаға автобустар қатынайды. Кейде бос уақытымда саябаққа барып, кітапханадан алған кітаптарымды оқып отырамын. Үйде отырғанымда пойыздың пышпа - пышпа деген дауысы да естіледі. Ауылымның адамдары пойызбен Астана., Қостанай қалаларына барады. Вокзолымыз әдемі салынған. Ауыл мағында Ырғыз өзені ағып жатыр. Жаз кезінде жазғы демалыс алдында апайымыз Жадыра Файзоллакызымен саяхаттап табиғатқа шығамыз. Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз. Өзеннен шоршып секіріп жүрген балықтарды көріп қуанамыз. Менің ауылымда достарым да көп. Олармен татумын. Ауылымның кешкі таьиғаты мүлдем өзгеше. Алыстан шаңдарын көтеріп малдар өрістен келеді. Барлығы төлдеріне сүттерін толтырып ала келеді. Бұл көріністі анамыздың бізге дүкеннен тәттілерді әкелгеніне ұқсайды. Өзге ауылға қыдырып бара қалсам, туған аылымды сағынамын. Тез елге қайтқанша асығамын. "Туған дердей жер болмас, Туған елдей ел болмас."- деп, аталарымыз бекер айтпаған екен ғой. Сондықтан достар, мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. "Ауылымның гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені "- деп ойлаймын.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы