《Менің азаматтық ұстанымым》 тақырыбында эссе

《Менің азаматтық ұстанымым》 тақырыбында эссе
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ұстанымымыз – бейбітшілік пен келісім Көп жылдар бойы әртүрлі ұлыстар мен діни нанымның рухани мұрасымен тереңірек таныса түскен Қазақстан хал­қы шынайы шыдамдылық пен діни төзімділікті және жаңа дү­ниені қабылдауға деген ықы­­ласты өз бойына сіңіре білді. Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша ұйымдас­ты­рыл­ған Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшылары­ның съез­дері қазіргі заманғы діндер ара­сындағы жаһандық абыройлы үнқатысудың таби­ғи және іскер­лік көрінісі болды. Бұған дейін үш рет съезд өтті. Мұндай маңыз­ды шараны жоғары дең­гейде өткізе білген Қазақстанға онда­ған елден келген діни ұйымдар­дың басшылары шынайы ри­за­­шылығын білдірді. Халық­тар мен діни көзқарас­тарды жақындасты­руға, сол арқылы бейбітшілік құндылық­тарын қалыптасты­руға жасаған қада­мы үшін әлем­дік қо­ғам­дастық Қазақ­стан­ның бұл қа­дамына жоғары баға берді. Осы үдеріс IV Съезде де жалғасын тапты. Рухани көшбасшылар, дін­дер мен халықтар арасындағы өзара түсінушіліктің қалыпта­су мүм­кін­ді­гін жасауда аста­на­лық съез­дің маңызы зор. Съезд қа­тысу­шы­лары декларация қа­был­дады, онда кон­фес­сия­аралық үнқатысу бей­біт­шілікті қолдау және ха­лық­тар арасын­дағы келісімнің маңыз­ды құ­ралы ретінде аталды. Қазақстан Республикасы Кон­с­титуциясының 14-бабы­ның 1-ші және 2-ші тармақта­рында аза­маттардың заң мен сот алдында бәрi тең екені және ешкімді тегiне, әлеумет­тiк, лауазымдық және мүлiк­тiк жағ­дайына, жынысына, нәсiлi­не, ұлтына, тiлiне, дiнге көз­қара­сына, нанымына, тұр­ғы­­лықты жерiне байланысты кем­сітуге болмайтыны анық жа­зыл­ған. Бүгінгі таңда Қазақ­стан­да 3200-дей мешіт, шіркеу және құл­шы­лық ететін үйлер жұмыс істейді. Жаңа ХХІ ғасырда ұлт­ара­лық келісім мен діндер арасын­дағы үнқатысудың үлгісі елордамыздан бастау алып отыр. Астана­дағы Бейбітшілік және келісім сарайы біздің еліміздегі нағыз рухани орталыққа айналды. Онда Халықаралық мәдени және діни орталық құрылды. Әділ тәртіп қана адамзат қоға­мының гүлденуінің негізі болады! Астанада құрылған Ха­лық­ара­лық мәдени және діни орта­лық­тың қызметі осын­дай негізге бағытталуы қажет. Ізгі мақсат аясында әртүрлі мәдени және діни өкілдер сұх­батының ауқымын ұлғайту­дың маңыз­дылығы зор. Оған зайырлы және діни БАҚ өкілдері мен жастар бірлестікте­рін, ғылыми және шығармашы­лық зиялыларды тарту қажет деп есеп­теймін. Орталық бейбітшілік, келі­сім және әділдіктің интеллектуалды зертханасы болуы, жа­һан­дық күн тәртібіне ұсы­ныс­ты әзірлеуі және ұсынуы қа-жет. «Ол съездің бар­лық қатысушы­ларын жаңа идеялар және ұсыныстармен толық­ты­ра­тын құрылым болуы қажет», деп Астана съезіне бастамашы бол­ған, Халықаралық мәдени жә­не діни орталықты құру идеясы­ның авторы – Қазақстан Рес­публикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан болатын. Қазақстан ғасырлар бойы жи­нақталған адамгершіліктің тегеу­рін­ді талаптарын адам­зат­қа жет­кі­зуге байланысты жауапты миссияны өз міндетіне алды. Қа­зақстан әлемде бейбіт­шілік орнауы үшін, атап айт­қанда, қауіпсіз­дік, ынтымақ­тас­­тық, өзара сый­лас­тық, тең­дік, әділдік, төзім­ділік, рухани-адамгершілік бастауларын игеру қағидаттарын ұсынып отыр. Ал үстіміздегі жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне дайындықты жүргізу міндеті Хатшылықтың Х отырысында сарап­қа салынған еді. Хатшы­лық отырысында Дін көшбас­шылары кеңесінің тұжырым­дама жобасы бекітілген болатын. Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшылары форумы­ның Қазақстанның елордасы – Астанада өткізілуінің өзі кез­дейсоқ­тық емес. Елімізде жүз­ден астам ұлт тұрады және барлық дін өкіл­деріне өздері­нің таңдауы бойынша құлшы­лық етуіне мүмкіндік берілген. Ұлыс­тар арасындағы келісімді сақтауда қазақстандық тәжіри­бе өте құндылығымен ерек­шеленеді.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы