Менің досымның мінезі Сочинение на казахском

Менің досымның мінезі Сочинение на казахском
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Достық - өмірде кездесе бермейтін əрі берік қарым-қатынас. Менің де мына өмірде досым бар. Əркімнің өз мінезі болмақшы демекші, менің досымның да өзіне тəн ерекше мінезі бар. Оның мінезі жақсы болса да, жаман болса да оны мен өзім таңдадым ғой. Досым екеуіміздің мінезіміз көп ұқсай бермейді. Алайда, ол барлық жанға көмегін бергісі келіп тұрады. Қиналғанды жұбатып, əрқашан елеулі болады. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын" демекші, оны қанша мақтасаң да аздық етеді. Себебі, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіпті, оны кей-кезде періште деп ойлап қаламын. Өзінен кішілерге қамқор болып, үлкендерге сыйластығы мол. Үнемі жадырап, жайнап жүреді. Ешқашан мұңайғанын көрмеген емеспін. Оны қалай сипаттасам да, айтып жеткізу мүмкін емес. Алайда, мен досыммен мақтанамын.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы