Напишите 10 пословиц про друга на каз языке

Напишите 10 пословиц про друга на каз языке
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды. Дос бергеннің түсіне қарама. Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса (Әбубәкір). Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол. "Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар. Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады. Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес. Дос егіз, дұшпан сегіз. Дос емес достың сөзін бөтен десе, Достқтан бір өкпемен кетем десе (Серәлі). Дос емес досты сырттан жамандаса, Кісі емес бір қатені жаба алмаса (Ақмолда). Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады. Дос көбейсе дұшпан аяқ астында. Дос көңіліңді суытып айтады, Қасың ойыңды жылытып айтады. Дос көргеннен түңілме. Дос көтерер көңілді, Мал көтерер өлімді. Досқа ат берме, ат берсең "жай жүр" деме. Досқа ауырлығыңды салма, Достан қарыз алма.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы