Напишите пожалуйста мне стихотворение Иран-Ғайыпа "Тәуелсіздік" весь интернет обшарила не нашла(срочно
Напишите пожалуйста мне стихотворение Иран-Ғайыпа "Тәуелсіздік" весь интернет обшарила не нашла(срочно
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ұлы-Отаным, Өркендеп – Өскен Елім, Нұр-Астанам – Ерке-Жыр, Есті-Өлеңім?! Сені – Көрсем: Ертеңге – Қоңыраулатып, Кіре тартқан – Тәуелсіз Көш көремін! Көш көремін – Тәуелсіз... анық басқан, Көшбасшысы – Кемеңгер, Халық – Хоштан: Қыран-Тұғыр Қазақтың Күн-Бейнесі – Жас Абайлар жазатын – Алып Дастан... II Тәуелсіздік?! Талаурап – Атқан Таңымсың, Шығып, Қайта енген – Жанымсың! Қашан – Ел санатына енгенше, Адалдап – Жейтін Нанымсың! Қасықтай – Қаны қалғанша, Қорланып – Естен танғанша: Затыңды – Қойшы... Атыңа – Зар болып, Өткендер – Қанша?! Тағдырдың тартып – Азабын, Талыққанда – Халқым – Қазағым: Екі Аяғың – Көктен салбырап, Түстің-ау – Жерге, Ғажабым! Түстің-ау... Түстің, Алыбым, Нұрлантып – Дүние-Жарығын: Айнымас – Ата-Заңымнан, Алтын-Қалыбымды – Таныдым... ...Жүрегімдегі – Тұнық Сезімсің, Рухани – Ұлық Кезімсің: «Кәлимеге» – Тілімді келтірер, Ақтық Дем – Соңғы Сөзімсің... ...Тәуелсіздік! III Ата-Заңым – Мазмұн-Мәнім: Барым-Жоғым, Ашым-Тоғым, Тәжім-Тағым, Бағым-Сорым... ...Тәңірлік Тұғыр – Табиғи Қалып, Пенделік Ғұмыр – Бесігім-Табыт... IV «Сүйдім!» десем – Беремісің келісім?! «Күйдім!» десем – Беремісің келісім?! Тәуелсіздік, Барымды – Жоқ еншілеп, Қайыршылық күйге түстім – Сен үшін! Сүйгендіктен – Босаға аңдып жүргенім, Жер шұқылап, Жетімсіреп күлгенім! Күйгендіктен – Тері-Қалта «Пілдердің», Теңгесінің сылдырына – «Үргенім»! Сүйгендіктен – Ақын-Ғұмырын кешкенім, Өлеңнен – Оқ, Жырдан – Қылыш-Кескенім! Күйгендіктен – Шенқор-Жемқор-Жебірдің, Ығын есіп, Ыңғайына көшпедім! Сүйгендіктен – Тәж-Тағыңды міндесем, Тәңірінен безгендерді – Тілдесем! Күйгендіктен – Кеше алмаймын Күнімді, Қайғы – кешем, Зар – кешемін, Мұң – кешем! Сүйгендіктен – «Тәубе!» деймін осыған, Тауып мият – Тамған Көздің жасынан! Күйгендіктен – Тамырымда қан тасынып, Жауар Бұлттай – Түнерем де басылам... ...Тәуелсіздік, Сүйем – Сені, Сүйемін! Сүйгендіктен – Тозағыңа Күйемін: Күңіренткен Құдіретің алдында – Таз-Кепешті Тәу-Басымды иемін!.. V Үрей жоқ, жоқтай, тіпті, ой-алаңым, Ұйқымнан – қам-қаперсіз оянамын: Қайғы еміп, қасірет жұтпай – бұрынғымша, 20 жыл – өмір сүрдім, дей аламын. 20 жыл – өмір сүрдім, жырдай ғажап, Өзімді – өзгелерге қылмай мазақ: Қорлығын кек тұтпайды – баяғыша, Көлденең көк аттымен – қырбай қазақ... ...Рухтас, Бір Атаның Баласындай, Ескінің – Бүгінгі Дүр-Жаңасындай: 20 жыл, Кісі құсап – кештім ғұмыр, Аһ ұрмай, азып-тозбай... аласұрмай. Нан жеймін... уайым жемей – шер-күйіктен, Қараймын төменгіге – ең биіктен: Бостандықта өткізген – 20 жылым, 20 есе артық – Бодан-Мәңгіліктен. VI Бәрі бар менде! Адамға тәннің – бәрі бар! Болмыс-кенімнен не іздесең соның табылар: Қанымда менің – қайғының құйған уы бар, Жанымда менің – қуаныштың жиған балы бар!. Жүрек бар менде, Бауыр бар, Бүтін өкпе бар, Өкпең қарайса – өзегіңдегі өрттен шоқ тамар! Адамға тәннің маған да тәнін жария ғып, Сайраған тілдің жазығы, сірә, жоқ болар?! Шөл де бар менде, Көл де бар менде, Орман бар... Орманы күйген армансыз ғой деп қалмаңдар! Күлемін сырттай, Жылаймын іштей – Таңданба?! Боламын кеще, Боламын кейде пайғамбар!.. Жаз да бар менде, Күз де бар, Қыс та, Көктем де, Бар болған жақсы – Бар, тегі, көптік еткен бе?! Көрінгеннің көзсіз жетегіне ере беретін, Тек, хайуанның хайуандығы ғана жоқ менде! Бәрі бар менде! Адамға тәннің – бәрі бар! Болмыс-кенімнен не іздесең соның табылар..
Не нашли ответ?
Похожие вопросы