Напишите сочинение "Теледидар адам өміріне қажет пе?"

Напишите сочинение "Теледидар адам өміріне қажет пе?"
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
 Оның ішінде, Қазақ теледидары жастар бағдарламасының 40 жылдық мұрасын саралап, маңызын көрсету, тәжірибесін тарату қаралады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей негізгі міндеттерді белгіленді: -    жастар телехабарларының қалыптасуы мен дамуындағы проблемаларды ашып, Кеңес дәуіріндегі мақсатын, идеологиялық жұмысының бағытын анықтау, жастар редакциясы ұйымдастырған хабарлардың пәрменділігін, насихаттық ықпалын, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін көрсету; -    әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты телехабарлардың мазмұнын саралап, тақырыптық ауқымын зерттеу, құрылымдық, көркемдік сапасын талдау; -    хабарды берудің пішіні мен бағдарламаның жанрлық, тілдік, стильдік әдіс-тәсілдерін, журналистік шеберлік деңгейін айқындау, хабарлардың түрлеріне талдау жасап, тарихи тағылымы жайында ой қорыту; -    хабардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағартушылық, танымдық, моральдық, проблемалық, итернационалдық-патриоттық, эстетикалық сипатын айқындап, бағдарламалардағы ұлттық нақышты көрсету; -    тәрбие құралы ретіндегі мәніне бойлап, Қазақ теледидарындағы орнын анықтау; -    жастар бағдарламасы тарихындағы көтерілген мәселелердің өміршеңдігін, бүгін де маңызын жоймағандығын дәлелдеу, қазіргі таңдағы жастар бағдарламасының хабарлары дамуының басты бағыттарын айқындау.  Зерттеудің дереккөздері. Зерттеудің көзі ретінде Қазақ теледидары ме радиосы республикалық корпорациясы мұрағатының мәліметтері, коммунистік партияның теледидар мен жастар жөніндегі қаулылары, жұмыс тақырыбына байланысты шыққан мерзімді басылымдар мақалалары,  Қазақ теледидарында жұмыс істеген журналистер Қ.Игісінов, Н.Иманғалиұлы, Ф.Бегенбаева, Ә.Ысқақова және тағы басқалардың естеліктері пайдаланылды.  Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ теледидары жастар бағдарламасы туралы арнайы зерттелген бұл жұмыста жастарға арналған хабарлардың тақырыбы мен идеясы, жанрлық, тілдік, стильдік ерекшеліктері, ұлттық дәстүрмен сабақтастығы, әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты тақырыптық жаңашылдығы, көркемдік, публицистік деңгейі жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалды. Қоғамдық пікір қалыптастырудағы хабарлардың тиімділігін, пәрменділігін арттырудағы шығармашылық ізденістер сөз етіліп, Жастар редакциясының шын мәнінде жастардың көзі мен құлағы және тілі (А.Байтұрсынов) бола білгендігі, халықтық сипатының басымдығы нақты деректермен дәлелденді. Жазылған еңбекте жастар бағдарламасының пайда болуы мен дамуындағы проблемалар ашылып, жаңа телехабар пішіндерінің пайда болғандығы айқындалды. 
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы