Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Нөсер — күшті, бірақ қысқа мерзімдік конвективтік сипаттағы жаңбыр, не қоңыржай ендіктердегі циклондардың суық шебіндегі дүлей желді жаңбыр.[1]Басталғанда төгіп жауып, күрт тыйыла қалуы мүмкін. Өте қысқа уақытқа созылуы жеке бұлттан немесе салқын шептегі жіңішке өңірді ғана қамтитын бұлттан жаууымен байланысты. Жылы жер бетіндегі салқын ауа массасынан түсетін Нөсер жаңбыр кейде бірнеше минутта-ақ өте шығады. Жаздағы жергілікті конвекция жағдайында будақ жаңбыр бұлты кең алқапты қамтығанда немесе шептер өткенде Нөсер жаңбыр сағаттап жауады. Нөсер жауу екпіні түрліше, кейде 21,5 мм/мин-қа жеткен кездері байқалған. Нөсер жауу уақыты артқан сайын екпіні кеми береді. Нөсер жаңбыр тропиктік және экваторлық ендіктердегі жауын-шашынның негізгі түрі. Субтропиктік және қоңыржай белдеулерде де өтіп тұрады. Нөсер термині синоптикалық метеорологияда жауын-шашынның барлық түріне де (қар, қиыршық) қолданылады.- қазіргі түсінігімізде — шелектеп құятын өткінші жаңбыр. «Шелектеп құйғаңдай нөсер сабалап тұрды»[2].Сөз төркіні тек моңғол тілі деп шамалауға болады, «нүсэр» тұлғалы сөз моңғолдарда «қиын, ауыр» мағыналарында кездеседі. Осы сөздіктерге қарағанда, «нүсэр» сөзі моңғолдардың өзінде сирек қолданылатын тәрізді. Өйткені, келтірілген мысалдарда «нүсэр» сөзінің орнына, оның синонимі «хүнд» жиі тіркеседі. Осыған қарағанда, ескі сәз бе деген ойға қаласың. Жауған жаңбыр сипаты —«нүсэр» сөзін анықтауыш ретінде қолдануға кереғар көрінбейді. Өйткені жаңбырдың күштілігі қиындыққа ұшырататыны да белгілі. Осы себептенде алғаш «нөсер жаңбыр» (қиын жаңбыр мағынасында) тіркесі пайда болып, кейінгі кездерде «нөсер» жеке тұрып та жауынның күштілігін аңғартарлық дағдыға айналуы мүмкін.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы