Нужен реферат на тему казахские национальные украшения

Нужен реферат на тему казахские национальные украшения
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақтың ұлттық әшекей-бұйымдары сән үшін тағылып қоймай, қорғаныс қызметін де атқарған. Сол себепті қазақ қыздарының әшекейлерін жасау үшін тазарту қасиеті бар күміс пайдаланылған. Ерте заманда әшекейді жаңа туған нәресте шағынан бастап таққан. Бұл тіл-көзден сақтайды деген ырымның бір түрі. Олар қызыл таспен әшекейленген күмістен жасалып, жаңа туған нәрестенің тақиясына немесе аяқ-қолдарына тағылған. Халық қызыл түсті тас бақыт пен шаттық әкеледі деп сенгедіктен, көптеген әшекейлерде осы тастың түрі кездеседі. Көз тиюден сақтану үшін 2-3 жасқа толғанда қыз балалардың құлағына осы меруерт тастардан жасалған сырға салған. Және қолдарына шақшақ құс бейнеленген білезіктер таққан. Кейіннен жасы ұлғая келе қыздар асыл тастармен көмкерілген салбырап тұратын сырғаларға ауысқан.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы