Олен шумактары туган тилим

Олен шумактары туган тилим
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құстың кос қанаты кьірқылды, Күндей күшті күркіреген ел тынды. Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың - Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Таралған түрік балаларын бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім! Авторы: Мағжан Жұмабаев
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы