Өлімді жеңген ана полный рассказ на казахском
Өлімді жеңген ана полный рассказ на казахском
Ответ(ы) на вопрос:
ӨЛІМДІ ЖЕҢГЕН АНА
Мақтасақ — әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел — ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!..
Азияның ақсақ барысы Темір жер бетін қанға бояп, ойды қырға теңеп, жоннан жол салып, жер шарын асықтай үйіргісі келген адам. Бұл, сансыз елді өзіне бағындырып, шексіз жерді қанға суарған, айбатынан ай жасырынған Темір.
Ол елу жыл жалғанды жалпағынан басып, өзінен өзгеде күш барын сезген де адам емес. Темірдің темір өкшесі талай қаланы молаға, талай елді далаға айналдырды. Талай мемлекетті балшықтай жаншып, шалшықтай шашып жіберді. ана, дүниедегі жалғыз күш Сондықтан, Самарқанның көк майын мұнараларынан басқа еш нәрсе керінбеді. Алғашқы екпінмен «өрте Самарқанды!» деген әмір бергісі келіп тұрды да:
— Жоқ, Самарқандағы көк мойындарды адам сүйегінен салдырғам! Өртемеймін! — деді ішінен.
Алаңға тігілген бес мың ақ шатыр, бәрі де дөп-дөңгелек, ақ қызғалдақ, ақ гүл секілді. Бәрінің төбесінде де бір-бір жалау Темірге табынып, басын иіп тұр. Бәрінің ортасында Ақсақ Темірдің ала шатыры — алып ордасы тұр. Бұл төрт бұрышты, айналасы жүз қадам, үш найза бойы биіктігі бар күмбез. Ортасында он екі алтын баған. Төбесінде көкпеңбек мұнара. Сары, қара, көк жібектен қиюластырып жасалған ала шатыр. Кім білсін қанша әйел, қанша уақытта тоқып шығарғанын? Шатырды бес жүз қызыл баумен жерге таңып тастапты. Әйтпесе, жер тәңірісі Темірдің ала шатырын жел ұшырып әкету де мүмкін емес пе…
Шатырдың төрт бұрышында төрт күміс қыран. Ортасыңда, көк күмбездің дәл ортасында, биік тақта, ешкімге жеңгізбеген, жеңгізбен де деген бесінші ақиық Аксақ Темір көрегеннің өзі отыр.
Темір аспан түсті көк жібектен киінген. Үсті-басы от шашып, жалын жалап тұрған інжу тастар… Бұл тастар оның үстінде бес-ақ мындай екен! Қаһарынан қар төккен аппақ басында ақ бөрік. Бөркінің шошақ төбесінде жұдырықтай қып-қызыл жақұт. Темірдің қып-қызыл көзі дүниені жалмап, жалт-жұлт етеді. Қанды көзі қан шашып, төңкеріліп қояды.
Ақсақтың жүзі қан қатқан, тот басқан жалпақ алмас пышақ секілді. Ол мың рет қанға батып шықты ғой. Сондықтан қаннан қалған тоттың ізі ап-айқын. Қысық көздері дүниенің асты-үстін түгел көріп тұрғандай: жалт еткенде, бриллиант жалт етті ме деп каласың. Құлағында Цейлонның қып-қызыл жақұтынан жасалған қос сырға, сұлу қыздың ерніндей қызарып, Темірдің қатпар бетін сүйіп тұрғандай.
Осы күні дүниеде жоқ кілемдердің үстіне арақ құйған үш жүз алтын бокал. Өмірді талқандап, өлім себуге құмартқан Темір сардар, бектерімен бірге сарайында отыр.
Темірдің арт жағында әнші-күйшілер, қатарында ешкім жоқ. Аяғында, ең жақын ақсүйек туғандары, сұлтандар, байбатшалар, әскер бастықтары отыр. Бәрінен де патшаға жақынырақ мас ақын Кермене отыр. Кермене дүниені талқандаған Темірдің:
—
Не нашли ответ?
Похожие вопросы