Онер алды кызыл тыл туралы шыгарма

Онер алды кызыл тыл туралы шыгарма
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
«Өнер алды- қызыл тіл, Ой толғаған сырлы тіл» - деп Абай атамыз бұл шумақ өлеңдерін қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін меңгеруге және қазақ тілі өзінің даласындай бай екендігін көрсете білді. Ата-бабаларымыз “өнер алды – қызыл тiл”- деп мақал шығарып, мақалдың әр-бір сөзінде терең ойы мен бояуы бар және оның мағынасы мен көркемдiгi аса жоғары екендігін бағалай білген. Сондай-ақ ата-бабаларымыз, қазақ елінің ақындары осы қызыл тiлдi сайратып, талай-талай қызығын көрген де секiлдi. Тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті дейді. Өткені өмірлік қоғамда халықтық негізгі қарым-қатынас құралы болып табылғандықтан, тіл халықпен бірге дамиды және өркендейді. Біздің ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Мемлекеттік тілді игеру- әр азаматтың борышы» деген. Сол себепті қазақ халқының басты мақсаты - мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің құдіретін, мәртебесін көтеру басты борышы болып табылады.  Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру қолға алынуда. Бұл жарлықтың басты мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған. Сондай-ақ, Елбасымыздың: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі– мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Бұл еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеп отырған білім саласы қызметкерлеріне де сын болмақ. Ал бүгінде  Қазақстан Республикасы  әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артып, білім беру сапасын көтеру басты мәселелердің бірі болып отыр. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея болса керек. Сондай-ақ, 2020 жылға дейін мемлекеттік тілдің үлесін 95%-ға дейін , ал өзге тілдің үлесін 15%-20%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Алайда «Өз тілін- бірлік үшін, Өзге тіл- тірлік үшін»- деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда көп тіл білу заман талабы болсада, өз мемлекетіміздің бірлігі үшін, өз тілімізді қастерлей білуіміз керек!
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы