Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Бүгін мектепте жергілікті әнші Ғазиза Наурыз қызымен кездесу болды. Кездесуде мектеп директоры әнші өмірімен оқушыларды таныстырды. Осы мектептің түлегі екендігін, оның жетістіктеріне бірге қуанып, мақтаныш ететіндігін жеткізді. Онан соң әнші сөз алды. Әншілік ана сүтімен өзіне дарығандығын айтты. Және өзінің ән қоржынынан ең сүйікті "Анама" әнін орындады. Ән балаларды қатты толқытты, әннің әсем әуеніне барлығы қосылды. Әннен алған әсерлерін бір- біріне жарыса айтып жатты.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы