Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ежелгі Отырар қаласы Сырдарияның Арыс өзеніне құяр жерінде Ұлы жібек жолының бойында орналасқан. Айналасы – ат шаптырым терең ор, биік қорған. Төбе басында хан сарайы, жан-жағында қару-жарақ, теңге соғатын ұстаханалар, шәкірттер дәріс алатын бірнеше медреселер болған. Батыс жағындағы қақпа арқылы орыс көпестері, Шығыстан – монғол, қытай кезбелері кіретін. Түстіктен – Шаш, Бұхара қалаларынан шыққан араб саудагерлерін, терістіктен –башқұрт, саха ханзадалары жіберген керуен тізбелерін көруге болар еді. Сол керуендер арқылы қалаға әр түрлі әшекей бұйымдар, маталар, тең-тең кітаптар келеді екен.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы