Қожахметов жұмабек кім болған

Қожахметов жұмабек кім болған
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
 1915 жылғы 20 наурыз­да Ақмола облысының Аршалы ауданында дүниеге келіп, еңбек жолында біраз жауапты қызметтер атқарады. Қай қызметте жүрсе де ұршықтай үйіріп әкететін алғыр жігіт 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Мұнда жемісті қызмет атқарып, осы облыс экономикасының өркендеуіне қол жеткізіп, ерекше көзге түскен Жұмабек Ахметұлы 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қыз­ме­тіне жоғарылатылады. Бес жыл өткеннен кейін, яғни 1960 жылғы қаңтар айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалады. Жанқиярлық еңбегі үшін Ленин, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет Белгісі» орден­дерімен наградталған. Соқ­тық­па­лы соқпақсыз өмір жолын бас­тан кешірген аяулы азамат 1986 жылғы 18 қараша күні 71 жасында дүниеден өтті. Ұлты үшін ұлан-ғайыр еңбек сіңірген қайтпас қайсар жанның өмірбаяны, қысқа қайырғанда осындай. Халық арасында «кісендеулі жолбарыс» атанып, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Жұмабек Тәшенов қашанда әділдікті жақтаған. Кейбір жасқаншақ сая­саткерлер сияқты ішкі сырын бүгіп қалмаған. Қандай жағдайда да өзінің өмірлік ұстанымын ашық айтқан, өзгенің де адал сөйлеуін қалаған. Ол әркез халықтың қа­мын ойлап, қай мәселеге де елдік тұрғыдан қарайтын, әсіресе, ел аумағының тұтастығы, туған хал­қының мүдделері талқыға түскен сындарлы шақтарда белсене шығып, қызына сөйлейтін болған. Аяулы азамат өмірінің қай кезеңін алсаңыз да бұған мысалдар жетіп артылады. Айталық, тың игеру жылдары Қазақстанның солтүстік өңіріндегі бес облыста қазақ газет­терінің жаппай жабылып,­ көптеген жур­налистердің жұ­мыс­сыз қалғаны белгілі. Осын­дай әділетсіздік рес­публикалық қазақ тілді ба­сы­лымдарға да қауіп болып төн­ген. Атап айтар болсақ, Қа­зақ­стан Компартиясы Орталық Коми­те­тінде өткен 1958 жылғы 28 шілде­дегі «Қазақ әдебиеті» газетін жабу туралы мәселе қойылған отырыс­та республикадағы қазақ ті­лін­де шығатын барлық газет­терді, тіпті, «Социалистік Қазақстанды» да аударма басылымға айналдыру жөнінде ұсыныс жасалғаны белгілі. Сонда арғы-бергіні жақсы біледі деген кейбір ел ағаларының өзі саясаттың ыңғайына жығыла сөйлегені мәлім. Солардың бірі майдангер журналист еді. Бұл кісінің сондағы сөзіне жаны күйген Жұмабек Ахметұлы: «Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емессің, жабатын да сен емессің. Ондай сөз айтпа…», – деп тойтарып тастайды. Сөйтіп, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының төрағасы қазақ газеттерінің ғана емес, қазақ тарихының алдында да жасалғалы тұрған әділетсіздіктің бетін қайтарып, ұлт тілінде шығатын басылымдарды жабу­дың негізсіздігін нақты мысалдармен дәлелдеп шыққан еді. Сондай-ақ, Жұмабек Ахмет­ұлы өз кезінде өнер, мәдениет, ғылым саласындағы адамдарға да қолы­нан келгенше қамқоршы бо­ла білген. Академик Шапық Шө­кин­нің айтуынша, кейіпкеріміз 1960 жылы Үкімет басшысы бол­ған кезде қазақ-орыс сөздігін ал­ғаш құрастырған көрнекті ғалым Хайрулла Махмудов оның қабылдауында болады. Өзінің жай-күйін айтып, баспана жөнінен көмек сұрайды. Сонда Жұмабек Тәшенов: «Сіздей адам қалай үйсіз жүр? Қаладағы салынып жатқан үйлерден қалаған пәтеріңізді көрсетіңіз. Сол сіздікі болады», – дей­ді. Сөйтіп, Х.Махмудов Алма­тының шуылы аздау тыныш жеріндегі пәтерге ие болады. Жұмабек Ахметұлы 1958 жылы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі онкүндігін өткізуге үлкен күш-жігер жұмсайды. Со­нымен бірге, Қалибек Қуанышбаев, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев сияқты өнер тарландарына одақ­тағы ең жоғары КСРО халық әртісі атағын алып беруде де үл­кен қажырлылық көрсетеді. Осыған дейін жоғарыдағыдай көлемде үлкен бір топ болып жоғары атақ алу қазақ топырағында болмаған екен. Сондай-ақ, 1960 жылы ол кісі Алматыдағы қазіргі Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы сәулетті 120 пә­терлік үлкен үйді түгелімен дерлік өнер және әдебиет қайраткерлеріне бергізеді. Жұмекең қазақ арасынан шық­­қан кемеңгер тұлғаларға бір кө­ше­нің өзін беруге қимай, үне­мі сараңдық танытқан Мәскеуді Алма­тының ең үлкен еңселі көшесіне Абай Құнанбаевтің есімін беруге және сол көшенің қақ төріне ақын ескерткішін қоюға көндіреді. Халқымыздың рухани оянуынан тайсақтап, сан түрлі сылтау айтқандарға Қазақстан Үкіметінің басшысы Тбилисиде – Руставелидің, Мәскеуде – Горькийдің, Таш­кентте – Науаидің атындағы көшелер, ескерткіштер бар екен­дігін бұлтартпас дәлел ретінде кел­тіріп, бүгінде көзіміз көріп, та­ма­шалап жүрген Абайдың алып ескерткішінің орнатылуына сеп­тігін тигізген. Ол жылдары жергілікті тұрғын халықтың мүдделері онша ескеріле бермейтін. Жоғары лауазымды басшы кадрлар Мәскеу арқылы тағайындалатын. Мәселен, Қазақстан Компартиясы Ор­талық Коми­тетінің бірінші хат­шысы Леонид Брежневтің Мәс­кеуге үлкен қызметке өсіп кет­кені белгілі. Осыдан кейін ол арнайы ресми сапармен Алматыға келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросын өтіізді
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы