Помогите написать реферат про Қорқыт Ата,на казахском языке плиззззззз Срочно!!!!!!

Помогите написать реферат про Қорқыт Ата,на казахском языке плиззззззз Срочно!!!!!!
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
ҚОРҚЫТ АТА  КІТАБЫ     Бұл көне заман мұрасы туралы айтудан бұрын Қорқыт атаның өзі кім болғанын айқындап алу дұрыс. Қорқыт – VIII ғ. Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, көптеген аңыздардың кейіпкері. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата өзінің жүйрік жел маясына мініп алып, халқына мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайсар күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында "өлмейтін нәрсе жоқ екен" деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты Корқыт атаның сиқырлы күйлері, ұлағатты сөздері, мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келеді. "Қорқыт атаның кітабы" осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда (Ватикан) алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Оны зерттеп, қазақ жұртына кең таныстыруға ат салысқан ғалымдар: Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Б.Ысқақов, М.Жолдасбеков, X.Сүйіншалиев, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева, т.б. "Қорқыт ата кітабының" жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін, үйін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды. Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдепсіздік пен сараңдыққа қарсы күреседі. "Қорқыт ата кітабының" қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазанбектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Қазанбек – Қорқыттың өзі сияқты тарихта болған адам. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазанбектің әйелі Бөрілі сұлу, оның ұлы Оразбек, күш-қуаты өзінен кем түспейтін қалыңдық іздеген алып Қан-Тұралы, әкесін жау тұтқынынан босатқан ер Жүгенек, оғыз елінің шекарасын жаудан қорыған Бегіл мен оның ержүрек, әділ ұлы Әмірен, ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т.б. кейіпкерлер ерлік пен ізгілік танытады. "Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы" жырда ұрпақтардың жалғасуы үлкен мәселе деңгейінде көтеріледі. Ата-ана мен олардың ұлы Бұқаштың өзара құрметі мен махаббаты жауыздық пен опасыздықты жеңіп шығады. Бұқаш жау қолынан әкесін асқан ерлігімен құтқарып алады. Қорыта айтқанда,  "Қорқыт ата кітабы" – әр түрлі жырлардың жинағы бола тұрып, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отыратын аса мәнді кітап, әдебиетіміздің тарихынан Қорқыт ақынға жоғары орын алып беретін туындылар топтамасы.  
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы