Ответ(ы) на вопрос:
Гость
"Тоғыз" санының қазақтың ескі салтынан орын тепкенін: бір руды екінші руға, бір кісінің екінші кісіге төлейтін айыбының «бір тоғыз», «үш тоғыз...»,«тоғыз тоғыз» болып келуі айқындайды.Тоғыз саны да жеті санына ұқсас, көбіне салыстырмалы түрде көптік, тұрақтылық, киелі мәнімен өзге сандардан ерекшеленіп, рухани мәдениетіміздің әр қырынан көрініс тапқан. Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді.Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ,ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан–адам ғұмырының пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі.Көшпенділер тоғыз санын болмыстың шыңы деп санаған. Тоғыз санының негізгі мағынасы -«ұзақ өмір». Нумерология бойынша 9 саны қашанда көмекке ұмтылып тұратын, жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан.Тоғыз санына қатысты пайымдар:•Ағасы аға болғанның қолы тоғыз болар•Тойған үйге тоғыз кел•Үйірімен үш тоғыз•Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз•Тоғыз сөздің тоғысы•Тоғыз жолдың торабы•Тоғыз тұрып, тоқсан толғандыКөне салт–дәстүрге тарихи оқиғаға, наным-сенімге немесе арнаулы кәсіпке байланысты ұғымдар, құбылыстар мен өнім, зат атаулары көбінесе сол мәселелермен шұғылданатын немесе онымен жақсы таныс, болмысында күнделікті қолданатын адамдар арасында қолданылады да, солардың өздеріне, сол жердің тұрғындарына ғана түсінікті болады.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы