Пословицы про мам на казахском

Пословицы про мам на казахском
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.  Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді. Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.  Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады. Алып анадан туады,  Ат биеден туады. Ана алақанының аясы,  Ақ шынардың саясы. Ана алдында құрмет,  Ата алдында қызмет. Анаға баланың алалығы жоқ.  Аналы баланың өзі тоқ,  Анасыз баланың көзі тоқ. "Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім.  Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім". Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.  Ананың басқан жерінде пейіш бар.  Ананың ойы ұяда,  Баланың ойы қияда. Ананың сүйген жері  отқа күймейді, оқ та тимейді. Ананың сүті — бал,  Баланың тілі — бал. Ананың ізін қыз басар,  Атаның ізін ұл басар. Анаңа ауыр сөз айтпа,  Атыңа ауыр жүк артпа. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да  қарызынан құтыла алмайсың.  Ана сүті бой өсіреді,  Ата тілі ой өсіреді.
Гость
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.  Анасыз өмір — сөнген көмір.  Анасын көріп қызын ал,  Аяғын көріп асын іш. Анасын сүйгеннің баласын сүй.  Анасы ұятсыз болса,  баласы миятсыз болады (Нақысбек шешен). Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.  Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.  Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді. Баласы тәуше жесе анасының тісі қамасады.  Буаз бие тебіспейді,  Буаз сиыр сүзіспейді. Ел жатса да енекем жатпайды.  Ердің анасы — елдің анасы.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы