Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Көсемше — өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категория. Қазіргі қазақ тілінде көсемше атқаратын қызметіне қарай негізгі және кейіпті болып екіге жіктеледі. Іс-әрекетті білдіретін жай сөйлемдегі негізгі етістіктің әр қилы амалдарын сипаттайтын тел қызметтегі көсемше негізгі, ал ашық райдағы шақ, күрделі етістіктік, аналитикалық форма тудыратын қызметтегі көсемше кейіпті деп аталады. Негізгі көсемшені сөйлемдегі басты функциясы негізгі іс-әрекеттің өту амалын жанама түрде сипаттау. Негізгі іс-әрекет әр түрлі формада және түрлі қызметте тұруы мүмкін (әсерлене оқыды, сылдырап аққан су, ишаралап айтқанды түсінбедің т. б.). Негізгі көсемше сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарады. Бұл жағынан алғанда ол үстеу мен етістікті жалғастырушы буын ретінде әрекет етеді. Үстеулердің сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарып, етістіктің сын-сипатын, мақсатын, мезгілін т. б. амалдарын сипаттайтыны секілді негізгі көсемшелер де осы міндеттерді толығымен орындайды. Көсемше тұлғалы сөздер қосарланып та қолданылады. Бұл қасиеттеріне орай қайтапама ("Көре-кере көсем боларсың..."), және қосарлама (шаршап-шалдығып, өліп-өшіп), қос сөзді көсемшелер деп жіктеледі. Қосарлама қос сөзді көсемшелердің екі сыңары да мәнді немесе мағыналары әр түрлі немесе бір сыңары мәнді екіншісі мәнсіз болып, сондай-ақ тұлғаласып та, тұлғалас болмай да қолданыла береді. Көсемшелер құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарумен қатар басыңқы сөйлемді байланыстыруға да белсенді түрде қатысады. Сонымен бірге күрделенген сөйлемде оралымдар тудыруға ұйытқы болып, өз алдына бөлек категорияның пайда болуына септігін тигізеді. Негізгі көсемше әрқайсысының басым мағыналық сипаттарына орай: амалды көсемше, мақсатты көсемше, мезгілді көсемше болып бөлінеді. Бұлар қайтіп? қалай? не істегелі? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Амалдық. көбінесе негізгі іс-әрекеттің алуан түрлі қимылдық сын-сипатын керсетеді. Тұлғалық, мағыналық өзгешеліктеріне қарай өз ішінде амалды Көсемше тұжырымды амал (-ып, -іп, - п/ағаштар баяу қозғалыл тұр), созылыңқы амал (-а, -е, -й/құстар қанаттарын суылдата ұшты), болымсыз амал (-пастан, -пестен, -бастан, - бестен, -мастан, -местен/жаңбыр тынбастан жауды) болып топтапады. -Ып, -іп, -п аффиксті көсемшелер көп жағдайда салыстырмалы түрде тиянақтала айтылады, aн -а, -е, -й жұрнақты көсемшелердің -п формантты көсемшелерге қарағанда созылыңқылығы байқалады. Бұл айырмашылық біреуінің өткен шақты, екіншісінің келер шақты тудыруға қабілеттілігінен, аналит. етістіктегі түр жасау ерекшеліктерінен де айқын байқалады. -Қалы, -келі, -ғалы, -гелі қосымшалары түбір етістіктерге жалғанып, мақсатты көсемше жасалады (хал-жайы-щы білгелі келдім). Мезгілді көсемше -қан- ша, кенше, -ғанша, -генше тәрізді күрделі қосымшалар арқылы көрінеді (Биыл жапырақтар қар түскенше сарғаймады).
Не нашли ответ?
Похожие вопросы