Пожалуйста помогите написать реферат на казахском языке про Султанмахмут Торайгыров

Пожалуйста помогите написать реферат на казахском языке про Султанмахмут Торайгыров
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысыБаянауыл ауданы) – ақын, ағартушы. Өмірбаяны Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған. 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында “Оқып жүрген жастарға”, “Тәліптерге”(“Шәкірттерге”), “Ендігі беталыс”, “Оқудағы мақсат не?”, “Анау-мынау”, “Мағынасыз мешіт”, “Жарлау”, “Досыма хат”, “Шығамын тірі болсам адам болып”, “Түсімде”, “Жазғы қайғы”, “Қымыз”, “Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы