РАССКАЗ ПРО БАЙКОНУР НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ (когда и где построен ,кто взлетал и когда,не менее 20 предложений.)
РАССКАЗ ПРО БАЙКОНУР НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ (когда и где построен ,кто взлетал и когда,не менее 20 предложений.)
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Байқоңыр - Қызылорда облысыҚармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаевғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы