Рассказ про корабль на казахском языке с переводом
Рассказ про корабль на казахском языке с переводом
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Кеме — мұхитта немесе теңізде не суастында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да істерге арналған су көлігі.
Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек көмегімен қозғалысқа келтірілді. 15-ғасырдан бері ескек орнына желкен пайдаланыла бастады. Доңғалағы бу күшімен айналатын алғашқы кеме: Англияда1802 ж., АҚШ-та 1807 ж., Ресейде1810 ж. жасалды. 19-ғасырдың 2-жартысынан бастап кеме жасауға темір құралымдары кеңінен пайдаланылды.
Пайдалану мақсатына қарай кеме азаматтық және әскери кеме болып ажыратылады: 1) азаматтық кемелер — көліктік, кәсіптік, арнайы мақсатқа арналған, спорттық кемелер болып бөлінеді. Көліктік кемелер жолаушылар немесе жүк тасуға арналады. Сұйық заттар (мұнай, бензин, спирт, шарап,сұйытылған газдар, т.б.) тасымалдайтын кемелерге (танкерлер) сұйық заттар құбырлар арқылы құйылады.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы