Шешендік сөздер. Помогите написать конспект!

Шешендік сөздер. Помогите написать конспект!
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақ  халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының  Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол.  Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен  бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады.  Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады. Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді: 1.Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр. 2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр. Осы екі дәуірдің шешендерін «Ел құрасқан шешендер» деп атайды. 3.17-18 ғасыр «Ел қорғасқан шешендер» Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды. 4.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ. 5.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері. Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер бір ғана кезең, яғни ХYІІ – ХІХ ғасырлар арасын қамтиды да, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы