Шығарма Тəуелсіздік тұғырым

Шығарма Тəуелсіздік тұғырым
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.  Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан  жазуға мүмкіндік алдық.  Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.  Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың  барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде  де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр. Ұлт –азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық.  Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық.  Желтоқсанда да өрімдей аға-апаларымыз жас өмірлерімен қоштасқан. Жыл сайын желтоқсанның 16- да сыныбымызда әрдайым тәуелсіздікке байланысты түрлі тақырыптарда тәрбие сағатын өткізіп тұрамыз. Табаным тиіп Алматы қаласына бара қалсам, желтоқсандағы еліміздің тәуелсіздігі үшін ерлік жасаған, аға-апаларымызға гүл шоқтарын қоймай кетпеймін. Сондықтан да ата, аға-апаларымыздың ерліктерін ардақтап, лайықты құрмет көрсету- біздің перзенттік парызымыз деп білемін. Мектеп оқушысы болсамда Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп 50 елдің қатарына қосылуына, менде өз үлесімді қосқым келеді. Қандай да бір жақсылық болмасын, қиындықпен келетінін білемін. Дегенменде қиындықтарға мойымай, әрдайым қарсы тұрып жеңе білу керек. Халықта мақал бар: «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» Біздің халық тарихын ғасырлар бойы жаспен жазып келеді.      Тәуелсіздік жолы- азаматтық жолы. Тәуелсіздік келді, енді бәрі болады, бәрі орнына өзінен- өзі толады деп, жігеріңді құм етуге болмайды. Абай ата айтқандай, мал табу жолына түсу керек. Тәуелсіздік жолы- азамат жолы. Егемен елдің азаматы- арлы, зейінді, пейілді, патриот жан. Тәуелсіздік жолы- үміт жолы.  Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен жарқын болашақ күтеміз, кейінгі ұрпақтан  ата- баба аңсаған игі мақсатының орындалуын күтеміз. Елімізде тәуелсіздіктен аға ұрпаққа әлеуметтік қорған болуын күтеміз. Басқаша айтқанда, біздің ата- бабамыз аңсаған заман тәуелсіздікпен байланысты. Жаңа ХХІ ғасырға бет алған сәтте нарықты экономиканың құдіретін де көруіміз керек. Біз осындай қоғам жасайтын болсақ қана тәуелсіздік баянды болады. Біз қазақ, ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Біздің жоғалтқанымыз ең асылымыз- тәуелсіздік еді. Біз тәуелсіздікті іздеп соқпақпен де, сүрлеумен де, жүрдік кейде жолға түскендей болдық, бірақ тығырыққа тіреле бердік. Осыдан 20 жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды. Ол тәуелсіздік даңғылы. Тәуелсіздік сапары тәуекелді керек етеді, жол көлігі керек, жол серігі керек, жол азығы керек, алыс жолға тәуекел етер жүрек керек, тірек керек жол бастайтын көсем керек. Біз тәуекел қайығына міндік, тәуелсіздік даңғылына түстік, 20 жылда басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жылдан өттік. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға -20 жыл. Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кие. Дүниедегі тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халықта жоқ. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз- тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша ұрпақтардың еңбегі. Басты мұрат- қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына мейлінше бекем болу.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы