Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазіргі пәтерлердің асүйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады.Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеле атқарылады. Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін асүй, тамақ ішетін асүй, яғни асхана деп бөлінеді.Тамақ әзірлейтін асүй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай асүйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді.Тамақ ішетін асүйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.Асүйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі — уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны — тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне асүйдегі жұмыс жағдайынық қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Асүйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.Асүй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа әйелдің қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық , техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.Жұмысты тиімді ұйымдастыру, мақсаттылық принципін сақтау және тұрмыстық техниканы кеңінен қолдану тамақ әзірлеуге жұмсалатын уақытты 1,2—1,5 есе қысқартыл әйелдің еңбегін азайтады және оның көп шаршамауына септігі тиеді.Әрбір асүйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Асүйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Ал олардың қайсысын қай жерге қою керектік асүйдегі шаруашылық жұмыстарының қандай кезекпен атқарылатынына сәйкес келуі керек.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы